МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 12 қазанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 12 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

12 қазанда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі күтіледі.

12 қазанда Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

12 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 23 м/с күтіледі.

12 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

12 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

12 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

12 қазанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

12 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында,  солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

12 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

12 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

12-13 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

12 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

12 қазанда күндіз Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

12 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

12 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.  

12 қазанда Ақтөбе облысынның оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

12-13 қазанда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
11 октября 2025
Дата обновления
11 октября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы