
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
08 қазанда Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
08-09 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескерулер күтіледі:
Астана қ.: 08 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
08 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
08 қазанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
08 қазанда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-18 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі.
08 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
08 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
08 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
08 қазанда Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
08 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
08 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
08 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
08 қазанда Түркістан облысында шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
08 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
08 қазанда түнде Алматы облысында 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
08-09 қазанда Жетісу облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі.