
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 04-06 қазанда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
04-05 қазанда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескерулер күтіледі:
Шымкент қ.: 04 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
04 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
04 қазанда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
04 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
04 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.
04 қазанда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
04 қазанда күндіз Атырау облысының батысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа жел ауысады, екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
04-06 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
04 қазанда Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
04 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
04 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
04 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
04 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
04 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
04 қазанда түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
04 қазанда Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
04 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі.