МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

02 қазанда Жамбыл облысында жауын-шашын, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Түнде облыстың таулы, тау бөктерлі аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Түнде 02 қазанда Алматы облысында жауын-шашын, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі.

02 қазанда Жетісу облысында жауын-шашын, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Түнде 02 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік күтіледі.

Түнде 02 қазанда Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

02-03 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескерулер күтіледі:

Астана қ.: 02 қазанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. 

Алматы қ.: 02 қазанда түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі.

02 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

02 қазанда түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

02 қазанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

02 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

02 қазанда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

02 қазанда түнде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

02 қазанда  Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

02 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, таулы, тау бөктерлі аудандарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

02 қазанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. 02 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

02 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қазанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
01 октября 2025
Дата обновления
01 октября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы