МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

22-24 қырқүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

24 қыркүйекте түнде Алматы облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

24 қыркүйекте күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

24 қыркүйекте Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 24 қыркүйекте облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 24 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

24 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

24 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

24 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстігінде  жоғары өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.  

 

Дата публикации
23 сентября 2025
Дата обновления
23 сентября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)
Жедел ақпарат
17 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы