МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 23-24 қыркүйекте күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

 

Дауылды ескерту сақталады:

 

22-24 қырқүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

23 қыркүйекте күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 23 қыркүйекте таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18 м/с.

Қонаев қ.: 23 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

 

23 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: 23 қыркүйекте күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

23 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 23 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.

Өскемен қ.: 23 қыркүйекте жел оңтүстік-батыстан соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

23 қыркүйекте Абай облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде,  оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Семей қ.: 23 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

23 қыркүйекте күндіз Қарағанды облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 23 қыркүйекте күндіз кей уақыттарда найзағай, бұршақ күтіледі.

 

23 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 23 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

 

23 қыркүйекте Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 23 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 23 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

 

23 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

 

23 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 23 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

                                                                            

23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

23 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар қ.: 23 қыркүйекте күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

 

23 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде  жоғары өрт қаупі сақталады.

 

23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: 23 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

23 қыркүйекте Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 23 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

 

23 қыркүйекте түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.  

 

Дата публикации
22 сентября 2025
Дата обновления
22 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы