
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 22 қыркүйекте күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Шымкент қ.: 22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 22 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйекте таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйекте Алматы облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
22 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
22 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.
22 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі.
22 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
22 қыркүйекте таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйекте Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйекте таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйекте Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
22-24 қырқүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.