МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 16 қыркүйекте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі.

Алматы қ.: 16 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 16 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте
күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

16-18 қыркүйекте облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында  күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте таңертең және күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

16 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

16 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

16 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі.

16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

16 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қыркүйекте түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында  тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 қырқүйекте Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз  облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
15 сентября 2025
Дата обновления
15 сентября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы