
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
13 қыркүйекте күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 13-15 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 13-15 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
13 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 13-15 қыркүйекте облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 15 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 15 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.Төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қыркүйекте түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қыркүйекте түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
15 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қыркүйекте күндіз Қарағанды облысының батысында найзағай, бұршақ, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қыркүйекте түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ, облыстың солтүстістігінде, оңтүстігінде, орталығында дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында 1 градус үсік күтіледі.
15 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі. 15 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
15 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
15 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі.
15 қыркүйекте Қостанай облысында оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қырқүйекте күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.