МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер 

13 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 13 қыркүйекте найзағай күтіледі.

13 қыркүйекте күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Семей қ.: 13 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

13 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

13 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

13 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай қ.: 13 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

13 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.  

13 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: 13 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

13 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 13 қыркүйекте күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13-15 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 13-15 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
13-15 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

13 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі.
13-15 қыркүйекте облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 13-15 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

13 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 13 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

13 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, тауларында екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 13 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 13 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

13 қыркүйекте Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 13 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

13 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 13 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

13 қыркүйекте түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында,  күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 
Ақтау қ.: 13 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі.

13 қырқүйекте Ақтөбе облысының  солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

13 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Дата публикации
12 сентября 2025
Дата обновления
12 сентября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы