МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

09 қыркүйекте Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

09-11 қыркүйекте Алматы облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 09 қыркүйекте түнде аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады кей уақыттарда екпіні 18 м/с. 09-11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйекте Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 25 м/с.  09-12 қыркүйекте облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 10 қыркүйек найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.   

Алматы қ.: 10 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15 м/с.

Шымкент қ.: 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталды, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталды.

10 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.                                                        

10 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

10 қыркүйекте таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қыркүйекте таңертең және күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қыркүйекте түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с.

10 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі.

10 қыркүйекте түнде Павлодар облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

10 қыркүйекте түнде және танертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні   15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

10 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының батысында,  солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында,  солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

10 қырқүйекте күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Дата публикации
09 сентября 2025
Дата обновления
09 сентября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы