МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 09 қыркүйек түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы қ.:
09 қыркүйекте түнде аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады кей уақыттарда екпіні 18 м/с. 09-11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.:
09 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйекте
күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.                                               

09 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

09 қыркүйекте күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталды, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйекте Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

09 қыркүйекте Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 09-11 қыркүйекте Алматы облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйекте Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 25 м/с.

09-12 қыркүйекте облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйекте таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 09 қыркүйекте облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйекте түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

09 қыркүйекте түнде және танертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

09 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйекте түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

09 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

09 қырқүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

09 қыркүйекте Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

Дата публикации
08 сентября 2025
Дата обновления
08 сентября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы