МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

04-06 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

05-08 қыркүйекте Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 05-08 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

05-06 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 06 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шымкент қ.: 06 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

06 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.  Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

06 қыркүйекте күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

06 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-18 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

06 қырқүйекте түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

06 қыркүйекте Қостанай облысының найзағай күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

06 қыркүйекте таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні  15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

06 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

06 қыркүйекте Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады,  күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

06 қыркүйекте Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 06 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.  Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

06 қыркүйекте Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, Аягөз ауданында 15-18 м/с.

06 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

06 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

06 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
05 сентября 2025
Дата обновления
05 сентября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы