
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 01-03 қыркүйекте күтілетін ауа райының апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
01-02 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының шығысында, 03 қыркүейекте түнде солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы жылбысқы қарға ұласады) күтіледі. 01-02 қыркүйекте облыстың шығысында, 03 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
03-04 қыркүйекте Абай облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
02 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
02-03 қыркүйекте Ақмола, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
02-03 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Петропавл қ.: 02-03 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
31 тамызда Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
31 тамыз-02 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 31 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
31 тамыз - 02 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Түнде 01-02 қыркүйекте Ақмола, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі.
Түнде 01 қыркүйекте Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, 02 қыркүйекте оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі
Түнде 01-02 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі.
01 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
Өскемен қ.: 01 қыркүйекте найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
01 қыркүйекте Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Семей қ.: 01 қыркүйекте найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
01 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: 01 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
01 қыркүйекте Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 01 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облысының шығысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 01 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.
01 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Павлодар қ.: 01 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.
01 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады
Қостанай қ.: 01 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
01 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ.: 01 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 01 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 01 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
01 қырқүйекте күндіз Ақтөбе облысының батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 01 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
01 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 01 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 01 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 01 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
01 қыркүйекте күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 01 қыркүйекте күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 01 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 01 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.