МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

28-31 тамыз аралығында Ақмола облысында ауа температурасы күндіз 30-35 градус қатты ыстықтан 13-18 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Астана қ.: 28-31 тамыз аралығында ауа температурасы күндіз 33-35 градус қатты ыстықтан 14-16 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

28-31 тамыз аралығында Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 29-34 градус жылыдан 13-18 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

28-31 тамыз аралығында Қарағанды облысында ауа температурасы күндіз 27-32 градус жылы, облыстың батысында 35 градус қатты ыстықтан 13-18 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

29-31 тамыз аралығында Ұлытау облысында ауа температурасы күндіз 30-35 градус қатты ыстықтан 18-23 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

29-31 тамыз аралығында Абай облысында ауа температурасы күндіз 30-35 градус қатты ыстықтан 13-18 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29-31 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз 27-32 градус жылыдан 12-17 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

29-31 тамыз аралығында Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз 33-38 градус жылыдан 23-28 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

29-31 тамыз аралығында Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз 32-37 градус жылыдан 23-28 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

29-31 тамыз аралығында Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 32-37 градус қатты ыстықтан 23-28 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

01-02 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының шығысында, 03 қыркүейекте түнде солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы жылбысқы қарға ұласады) күтіледі. 01-02 қыркүйекте облыстың шығысында, 03 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

03-04 қыркүйекте Абай облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

02 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

02-03 қыркүйекте Ақмола, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

02-03 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Петропавл қ.: 02-03 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 31 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 31 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 31 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

31 тамызда Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

31 тамыз-02 қыркүйекте  жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

31 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

31 тамызда Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

31 тамызда Жамбыл облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.                                              

31 тамызда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.                                                                     

31 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

31 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,  облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

31 тамызда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

31 тамызда күндіз Атырау облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

31 тамызда Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

31 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
30 августа 2025
Дата обновления
30 августа 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы