МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 28-30 тамызда күтілетін ауа райының апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы  «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

 24-28 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +32+37°С, облыстың оңтүстігінде +40°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.

24-30 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +35+40°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

25-30 тамызда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +33+38°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.

25-30 тамызда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз +27+32°С-тан +33+38°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі күтіледі.

                                                                      

25-29 тамызда Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 25-29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.: 25-29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

 

26-28 тамызда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 27-28 тамызда күндіз облыстың шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық.

26-28 тамызда облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 26-28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 27 тамызда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

26-28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

26-28 тамызда күндіз Алматы облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

  

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

28 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: 28 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Көкшетау қ.: 28 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

28 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 28 тамызда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

28 тамызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: 28 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

28 тамызда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 28 тамызда найзағай күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

 

28 тамызда күндіз Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: 28 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

 

28 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні  15 м/с күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 28 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

28 тамызда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында  15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады

 

28 тамызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

28 тамызда күндіз Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 28 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

 

28 тамызда Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қ.: 28 тамызда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

28 тамызда Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың  оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі.

Семей қ.: 28 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

28 тамызда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда қ.: 28 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

 

28 тамызда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

28-29 тамызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Талдықорған қ.: 28-30 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
27 августа 2025
Дата обновления
27 августа 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы