МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 30 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 30 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 30 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с.                                                                  

30 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

30 шілдеде күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде,  шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

30 шілдеде түнде Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде 15-20 м/с. 30-31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

30 шілдеде Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзайғай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.  Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың  оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың  оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде түнде және таңертең  Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

30 шілдеде күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

30 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады,  облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
30 июля 2025
Дата обновления
30 июля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы