МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

21-28 шілде аралығында Түркістан облысында +36+41°С қатты ыстық сақталады. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

21-28 шілде аралығында Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +36+41°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

22-28 шілде аралығында Алматы облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

22-28 шілде аралығында Жетісу облысында ауа температурасы күндіз +31+36°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 25-28 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 28 шілдеде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Шымкент қ.: 28 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

28 шілдеде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

28 шілдеде Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с.

28 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

28 шілдеде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

28 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.                                                   

28 шілдеде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

28 шілдеде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.                                                

28 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

28 шілдеде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

28 шілдеде түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

28 шілдеде күндіз Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

28 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

28 шілдеде түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзайғай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі.  Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

28 шілдеде Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

28 шілдеде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

28 шілдеде Атырау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

28 шілдеде Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың шығысында, орталығында екпіні 23 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 шілдеде түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
27 июля 2025
Дата обновления
27 июля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы