
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасына уәкілетті органдар мен Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды ажырату, сондай-ақ мобилизациялық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, сақтау, жаңарту, қарызға беру және броннан шығару мәселелерін нормативтік реттеуді қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізілді. Бұл ретте рәсімдер нақтыланып, жауапкершілікті бөлу айқындалды.
Аталған түзетулер құқықтық анықталмағандықты жоюға, мобилизациялық резервтің басқарылуын және жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған.