
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру мақсатында «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығының жобасы әзірленді, онымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы қағидалар мен нұсқаулықтар «кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтері» түсінігі және кәсіби авариялық-құтқару қызметін қайта аттестаттау жөніндегі нормаларды алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ, өндірістік бақылау қызметінің міндеттері кеңейтілді.