
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
09-13, 16-20 шілдеде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
09-13, 16-21 шілдеде Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +39+44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
09-13, 17-22 шілдеде Ақтөбе облысында ауа температурасы күндіз +27+32°С-тан, облыстың оңтүстігінде +35°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
09-13, 17-22 шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
15-20 шілдеде Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +39+44°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +46°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
15-20 шілдеде Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +36+41°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +43°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
15-21 шілдеде Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз +31+36°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында +39°С қатты ыстықтан +42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
15 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Онтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 16-18 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде күндіз Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
18-19 шілдеде күндіз Абай облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
19 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
17 шілдеде Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Дауылды ескерулер күтіледі:
Астана қ.: 18 шілдеде күннің екінші жартысында шаңды дауыл, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 18 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
18 шілдеде күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыс бойынша найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде түнде Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
18 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде түнде және таңертең Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
18 шілдеде күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде күндіз Түркістан облысында 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сакталады.
18 шілдеде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
18 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.