
Азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 324 бұйрығына «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістер уәкілетті органдар мен Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды межелеуге, сондай-ақ жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жеткізу, сақтау, жаңарту, қарызға беру және броньдан шығару процестерін нормативтік реттеуге, рәсімдерді нақтылауға және жауапкершілікті бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған өзгерістер құқықтық анық еместікті жоюға, басқару тиімділігін арттыруға және жұмылдыру резервінің жұмыс істеуін жетілдіруге ықпал етеді.