
Азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығына «Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласында қызметін жүзеге асыратын, терроризм тұрғысынан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26675 тіркелген) өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістер уәкілетті органдар мен Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды межелеуге, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру қызметін нормативтік реттеуге, рәсімдерді нақтылауға және жауапкершілікті бөлуге бағытталған.
Қабылданған өзгерістер құқықтық анық еместікті жоюға, үйлестіруді жетілдіруге және терроризм тұрғысынан осал объектілердің тиісті қорғалуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.