
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 24 маусымдағы Заңын іске асыру үшін «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Жобаның мақсаты қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында, келесі бұйрықтарға өзгерістер енгізу:
1) «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445;
2) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 456;
3) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 473.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкелмейді және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер етпейді.