
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір бұйрықтары мен бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрық жобасын әзірледі.
Жобаның мақсаты Келесі мемлекеттік тіркеуге жатпайтын бұйрықтардың қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір бұйрықтары мен бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану:
1) «Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 26 наурыздағы № 104;
2) «Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 27 маусымдағы № 252.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.