МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер

Дауылды ескеру сақталады:

08 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
08-10 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 08-10 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескерулер күтіледі: 

09-13, 16-20  шілдеде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен  жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

 09-13, 16-21 шілдеде Атырау, Маңғыстау  облыстарында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +39+44°С  өте қатты ыстыққа дейін  жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

09-13, 17-22  шілдеде Ақтөбе  облысында ауа температурасы  күндіз +27+32°С-тан, облыстың оңтүстігінде +35°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

09-13, 17-22  шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.                                                                                

09 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 09 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

09 шілдеде күндіз Қарағанды облысының орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

09 шілдеде Ұлытау облысының шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 09 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.

09 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

09 шілдеде Атырау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 09 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.

09 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ: 09 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

09 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

09 шілдеде күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

09 шілдеде таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Астана қ.: 09 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
Көкшетау қ.: 09 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қаупі күтіледі.

09 шілдеде Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қ.: 09 шілдеде күндіз жел солтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с. 

09 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ.: 09 шілдеде күндіз жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

09 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 09 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.         

09 шілдеде күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 09 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 09 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

09 шілдеде күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 09 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

09 шілдеде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.
Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 09 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 09 шілдеде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

09 шілдеде күндіз Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.

 

 

Дата публикации
08 июля 2025
Дата обновления
08 июля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы