
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 21-25 маусымда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
21 маусымда түнде Алматы облысының онтүстік жартысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік жартысында екпіні 18-23, кей уақыттарда 28 м/с.
21-25 маусымда облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 21 маусымда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 18 м/с.
Қонаев қ.: 21 маусымда түнде найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 18-23, кей уақыттарда 28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
21-25 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
21 маусымда түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 21 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
21 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с, түнде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ.: 21 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
21 маусымда түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қ.: 21 маусымда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
21 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында түнде дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Петропавл қ.: 21 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.
21 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар қ.: 21 маусымда түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
21 маусымда Ақмола облысында түнде найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Астана қ.: 21 маусымда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
Көкшетау қ.: 21 маусымда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
21 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: 21 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
21 маусымда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 21 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
21 маусымда күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
21 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-18 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 маусымда түнде Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 21 маусымда түнде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
21 маусымда Түркістан облысының батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 21 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 21 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
21 маусымда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, облыстың шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 21 маусымда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м /с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
21 маусымда Қарағанды облысының батысында, шығысында найзағай, бұршақ, облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: 21 маусымда найзағай, күндіз дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
21 маусымда Қостанай облысыңың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.
Қостанай қ.: 21 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталды.
21 маусымда күндіз Қызылорда облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 21 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.