
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
13-18 маусым аралығында Ұлытау облысында ауа температурасының күндіз +29+34°С-тан +33+38°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +41°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы болжанады. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қауіпі сақталады.
13-18 маусым аралығында Қызылорда облысында ауа температурасының күндіз +33+38°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +46°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы болжанады. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қауіпі сақталады.
13-18 маусым аралығында Түркістан облысында ауа температурасының күндіз +32+37°С-тан +39+44°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы болжанады. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қауіпі сақталады.
13-18 маусым аралығында Жамбыл облысында ауа температурасының күндіз +30+35°С-тан +35+40°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы болжанады. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қауіпі сақталады.
13-19 маусым аралығында Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасының күндіз +29+34°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы болжанады. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты облыстардың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
15-16 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Шымкент қ.: 16 маусымда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.
16 маусым күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
16 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
16 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
16 маусымда күндіз Ұлытау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз облыстың батысында қатты ыстық 35 градус. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында, батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
16 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. 16-20 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 маусымда күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.