МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

28 мамыр - 01 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +32+37°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 01 маусым аралығында Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +27+32°С-тан +34+39°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 02 маусым аралығында Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасының күндіз +25+30°С-тан, облыстың оңтүстігінде 35°С-тан +35+40°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 02 маусым аралығында Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +30+35°С-қа, облыстың оңтүстігінде 38°С дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 02 маусым аралығында Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +31+36°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 03 маусым аралығында Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасының күндіз +25+30°С-тан +30+35°С-қа, облыстың оңтүстігінде 38°С дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 04 маусым аралығында Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +38+43°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты төтенше өрт қауіпі сақталады.

01 маусымда Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қ.: 01 маусымда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
01-03 маусымда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:        

02 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Талдықорған қ.: 02 маусымда түнде найзағай күтіледі.

02 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

02 маусымда Түркістан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қ.: 02 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 02 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.Төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 02 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 маусымда Ақмола облысының түнде оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, орталығында, жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Астана қ.: 02 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Көкшетау қ.: 02 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

02 маусымда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Облыс орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар қ.: 02 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады күтіледі.

02 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды қ.: 02 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

02 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жезқазған қ.: 02 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі.

02 маусымда түнде Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 маусымда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

02 маусымда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.
Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Қостанай қ.: 02 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 02 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 маусым түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
Орал қ.: 02 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

02 маусымда Атырау облысының түнде шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде  төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ.: 02 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 маусымда Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыста 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақтау қ: 02 маусымда төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Дата публикации
02 июня 2025
Дата обновления
02 июня 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы