МЧС

Меню

Страницы

Статья

штормовое предупреждение

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 16-19 мамырда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі, апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

 Дауылды ескертулер сақталады:

 2025 жылғы 11-17 мамыр аралығында Қазақстанның оңтүстік жартысында, орталығында әдеттен тыс ыстық ауа райы туралы 2025 жылғы 09 мамырдағы

№ 04 дауылды ескерту

 11-16 мамырда Қызылорда, Түркістан облыстарында жауын-шашынсыз кезең және ауа температурасының күндіз 30-35°С-тан 35-40°С-қа дейін, облыстардың оңтүстігінде 43°С-қа дейін  жоғарылауы болжанады.

Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады, Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

12-16 мамырда Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 25-30°С-тан 30-35°С-қа дейін, Ұлытау облысының оңтүстігінде 40°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады, төтенше өрт қауіпі күтіледі.

12-17 мамырда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында жауын-шашынсыз кезең, күндіз ауа температурасының 25-30°С-тан 33-38°С-қа дейін, Жамбыл облысының шөлді аудандарында      41°С-қа дейін көтерілуі күтіледі.

Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады,  төтенше өрт қауіпі күтіледі.

 Дауылды ескерту АГҚ № 17

2025 жылғы 14 мамырдан

2025 ж. 15 мамырдың 08 сағ. 17 мамырдың 20 сағ. аралығы

 

15-17 мамырда күндіз Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

16 мамырда күндіз Абай облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

 

№ 09 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 14 мамырдан

2025 ж. 14 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 17 мамыр 20 сағ. аралығы

 17 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, 17 мамырда таңертең және күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 15 мамырда күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық, 16-17 мамырда облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық.

16-17 мамырда облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, оңтүстігінде және таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 17 мамырда оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. 16-17 мамырда күндіз 41 градус қатты ыстық.

16-17 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан қ.: 17 мамырда оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. 15-17 мамырда күндіз 40-42 градус қатты ыстық.

16-17 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.

 Дауылды ескерту АГҚ № 18

2025 жылғы 15 мамырдан

2025 ж. 16 мамырдың 08 сағ. 18 мамырдың 20 сағ. аралығы

 

16-17 мамырда күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

16-17 мамырда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

17-18 мамырда күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

 

«ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК

Дауылды ескерту АРКӨ № 19

2025 жылғы 15 мамырдан

2025 ж. 17 мамырдың 20 сағ. 18 мамырдың 20 сағ. аралығы

 

18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасының күндіз 10-15 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

18 мамырда Ақмола облысында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында                       23-28 м/с. Ауа температурасының күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде, шығысында 21 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Астана қ.: 18 мамырда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының 19-21 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

 18 мамырда Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде 23-28 м/с. Ауа температурасының күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 25 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

18 мамырда Қарағанды облысында түнде батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасының күндіз 22-27, облыстың оңтүстігінде      30 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

Дауылды ескерту АРКӨ № 20

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 18 мамырдың 20 сағ. 19 мамырдың 20 сағ. аралығы

 

19 мамырда Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасының күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде 21 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

19 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасының күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде 21 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

 

 

№16 ҚҚ дауылды ескерту

                                                      2025 жылғы 16 мамырдан         

2025 ж. 16 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 17 мамыр 20 сағ. аралығы

 

17 мамырда түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақтау қ: 17 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

№ 16 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамыр 20 сағ. 17 мамыр 20 сағ. аралығы

 

17 мамырда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 17 мамырда солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 

№16 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамырдың 20 сағ. 17 мамырдың 20 сағ. аралығы

 

17 мамырда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Астана қ.: 17 мамырда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 17 мамырда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

№ 16 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамырдың 20 сағ. 17 мамырдың 20 сағ. аралығы

 

17 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыс бойынша найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Петропавл қ.: 17 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

 

 № 16 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 17 мамыр 20 сағ. аралығы.

 

17 мамырда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.   

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай қ.: 17 мамырда солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

№ 15 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 17 мамыр 20 сағ. аралығы

 

      17 мамырда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

№ 16 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 17 мамыр 20 сағ. аралығы

           

17 мамырда Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды қ.: 17 мамырда күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

№ 16 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 17 мамыр 20 сағ. аралығы

 

 17 мамырда таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады.

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

     Жезқазған қ.: 17 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

15 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамырдың 20 сағ. 2025 ж. 17 мамырдың 20 сағ. аралығы

17 мамырда күндіз Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

 Облыстың орталығында жағары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында  төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Алматы қ: 17 мамырда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Қонаев қ.: 17 мамырда күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі.

 

№13 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 17 мамыр 20 сағ. аралығы

         

17 мамырда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстын солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

 Талдықорған қ.: 17 мамырда күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. 

№15 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамырдың 20 сағ. 17 мамырдың 20 сағ. аралығы

 

17 мамырда Қызылорда облысында түнде облыстың солтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыстың орталығында бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 17 мамырда күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

№ 15 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамырдың 20 сағ. 17 мамырдың 20 сағ. аралығы

 

17 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 42 градус қатты ыстық сақталады.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.          

Тараз қ.: 17 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

№ 16 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 жылғы 16 мамыр 20 сағ. 17 мамыр 20 сағ. аралығы

 

17 мамырда күндіз Абай облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

            Семей қ.: 17 мамырда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

            Төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

№ 16 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 жылғы 16 мамыр 20 сағ. 17 мамыр 20 сағ. аралығы

 

   17 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Өскемен қ.: 17 мамырда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

 

№ 16 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 16 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 17 мамыр 20 сағ. аралығы

 

            17 мамырда түнде Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

            Атырау қ.: 17 мамырда түнде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

№16 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 16 мамырдан

2025 ж. 17 мамыр 08 сағ. 2025 ж. 17 мамыр 20 сағ. аралығы

 17 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Дата публикации
16 мая 2025
Дата обновления
16 мая 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы