
Дауылды ескертулер сақталады:
11-16 мамырда Қызылорда, Түркістан облыстарында жауын-шашынсыз кезең және ауа температурасының күндіз 30-35°С-тан 35-40°С-қа дейін, облыстардың оңтүстігінде 43°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады, Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
12-16 мамырда Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 25-30°С-тан 30-35°С-қа дейін, Ұлытау облысының оңтүстігінде 40°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады, төтенше өрт қауіпі күтіледі.
12-17 мамырда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында жауын-шашынсыз кезең, күндіз ауа температурасының 25-30°С-тан 33-38°С-қа дейін, Жамбыл облысының шөлді аудандарында 41°С-қа дейін көтерілуі күтіледі.
Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады, төтенше өрт қауіпі күтіледі.
11-15 мамырда Түркістан облысы бойынша төтенше өрт қауіпі, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 11-15 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 11-15 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
13 мамырда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 мамырда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ.: 13 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 мамырда Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақтау қ: 13 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 мамырда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 13 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.
13 мамырда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай қ: 13 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
13 мамырда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Көкшетау қ.: 13 мамырда түнде және таңертең тұман, таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
13 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 13 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
13 мамырда Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың оңтүстік жартысыңда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар қ: 13 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 мамырда күңдіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 13 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Қарағанды қ.: 13 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 мамырда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Семей қ.: 13 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 мамырда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 мамырда Қызылорда облысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 13 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүтігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 мамырда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында күндіз екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қонаев қ.: 13 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 мамырда Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.