МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

2025 жылғы  05-09 мамыр аралығында Қазақстанның оңтүстік жартысы, орталық және шығысында әдеттен тыс жылы ауа райы туралы 2025 жылғы 05 мамырдағы № 03 дауылды ескерту

05-08 мамырда Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында жоғары температуралық фон күндіз 33-38°С дейін болжанады.

Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады, Жамбыл облысында жоғары өрт қауіпі сақталады және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

05-08 мамырда Ұлытау облысында, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 25-30°С-тан 30-35°С-қа дейін жоғарылауы күтілуде.

Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі күтіледі.

05-09 мамырда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 28-33°С-тан 30-35°С-қа дейін жоғарылауы күтілуде.

Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады,  төтенше өрт қауіпі күтіледі.

05-09 мамырда Абай облысының басым бөлігінде, ауа температурасы күндіз 20-25°С-тан 25-30°С-қа дейін жоғарылауы күтілуде.

Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі күтіледі.

07-09 мамырда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 20-25°С-тан 25-30°С-қа дейін жоғарылауы күтілуде.

Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

09 мамырда таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

 Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Тараз қ.: 09 мамырда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

09 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз онтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақытта екпіні 25 м/с.

Петропавл қ.: 09 мамырда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

09 мамырда Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Көкшетау қ.: 09 мамырда түнде және таңертең тұман, таңертең және күндіз кей уақыттарда найзағай, бұршақ күтіледі.

09 мамырда Қостанай облысында найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай қ: 09 мамырда найзағай күтіледі.

09 мамырда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар қ.: 09 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

09 мамырда күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, орталығында  жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы қ.: 09 мамырда күннің соңында  найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Қонаев қ.: 09 мамырда күндіз найзағай,  шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

09 мамырда Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. 

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенші өрт қауіпі күтіледі.

Талдықорған қ.: 09 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі күтіледі.                                                                                                                                               

09 мамырда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қ.: 09 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан қ.: 09 мамырда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

09 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 09 мамырда күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

09 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыста жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды қ.: 09 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

09 мамырда түнде Ұлытау облысының шығысында, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 23 м/с.

Облыста жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жезқазған қ.: 09 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

09 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Өскемен қ.: 09 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

09 мамырда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Семей қ.: 09 мамырда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

09 мамырда  Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 09 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, екпіні 18 м/с.

09 мамырда Атырау облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ.: 09 мамырда күннің соңында найзағай күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

09 мамырда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақтау қ: 09 мамырда жоғарғы өрт қауіпі күтіледі.

09 мамырда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыс бойынша найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 09 мамырда түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Дата публикации
08 мая 2025
Дата обновления
08 мая 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы