МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 1-4 мамыр аралығында облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр болжамына байланысты қардың қарқынды еруі орта таулы аймақтарда жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты кейбір аумақтарды су жайылуы мен су басуы мүмкін.

2025 жылдың 03-06 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2900 метр биіктігінен жоғары) жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

03 мамырда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.
Облыстың батысында, орталығында  жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы қ.: 03 мамырда түнде кей уақытта найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
Қонаев қ.: 03 мамырда жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде кей уақытта екпіні 18-23 м/с.         

03 мамырда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 мамырда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
03 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 03 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 мамырда Түркістан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.
03-06 мамырда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Шымкент қ.: 03-06 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 03-06 мамырда төтенше өрт қауіпі күтіледі.

03 мамырда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығысытан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 03 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады. 

03 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Астана қ.: 03 мамырда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Көкшетау қ.: 03 мамырда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. 

03 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. 
Петропавл қ.: 03 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

03 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

03 мамырда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Қостанай қ: 03 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

03 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ.: 03 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 мамырда түнде Абай облысының батысында 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Семей қ.: 03 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қарағанды қ.: 03 мамырда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

03 мамырда Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Жезқазған қ.: 03 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

03 мамырда  күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 03 мамырда найзағай күтіледі.  Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

03 мамырда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында  найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ.: 03 мамырда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 03 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

03 мамырда  Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 17-22 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 03 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Дата публикации
02 мая 2025
Дата обновления
02 мая 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы