МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

 Дауылды ескертулер сақталады:

 Солтүстік Қазақстан облысында:

1) Покровка а – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 57 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1246 см (қауіпті деңгей – 1300 см; бұл деңгейге жеткен жағдайда шаруашылық нысандарын су басуы мүмкін).

2) Новоникольское а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 45 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1476 см (қауіпті деңгей – 1549 см; су шаруашылық құрылыстарға дейін жетті, бақшаларда су жайылуы байқалады). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

2025 жылдың  25 cәуір – 02 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

2025 жылдың 30 сәуір мен 02 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Ескерту: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Дауылды ескерту күтіледі:

Лесная Пристань а. – Бұқтырма өз. (ШҚО) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің қауіпті деңгейден асуы бақылануда. 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 608 см (қауіпті деңгей – 530 см). Жауын-шашынның көп түсуімен және өзеннің жоғары ағысынан ағынның жетуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Дауылды ескерту сақталады:

01-02 мамырда Қызылорда облысы бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Алматы қ.: 02 мамырда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. 

Шымкент қ.: 02 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

02 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

02 мамырда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.                                                                                                                     

02 мамырда  Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

02 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 мамырда түнде Қостанай облысының шығысында 1 градус үсік күтіледі. 

02 мамырда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

02 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

02 мамырда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.           

02 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 16 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

02 мамырда күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.  Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 мамырда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігідне жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

02 мамырда Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

02 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

02 мамырда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында шаңды дауыл, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с. Облыстың батысында, орталығында  жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 мамырда Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
01 мая 2025
Дата обновления
01 мая 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы