МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

 Дауылды ескертулер сақталады:

 Солтүстік Қазақстан облысында:

1) Покровка а – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 57 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1246 см (қауіпті деңгей – 1300 см; бұл деңгейге жеткен жағдайда шаруашылық нысандарын су басуы мүмкін).

2) Новоникольское а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 45 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1476 см (қауіпті деңгей – 1549 см; су шаруашылық құрылыстарға дейін жетті, бақшаларда су жайылуы байқалады).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Аблайкит а. – Ертіс ө. (ШҚО) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті деңгейден асты. 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 334 см (қауіпті деңгей – 300 см). Өскемен СЭС су тасталымының ұлғаюына байланысты өзенде су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілілуі күтілуде.

2025 жылдың  25 cәуір – 02 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Шығыс Қазақстан облысында 29 сәуір - 1 мамыр аралығында жаңбыр болжамына байланысты қардың қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты кейбір аумақтарды су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Дауылды ескертулер сақталады:

28 сәуірде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының түнде 2-7 градус жылыға дейін, күндіз 6-11 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Орал қ.: 28 сәуірде ауа температурасының түнде 0-2 градус жылыға дейін, күндіз 6-8 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 1-3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

28 сәуірде Атырау облысында  ауа температурасының түнде 5-10 градус жылыға дейін, күндіз 10-15 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 1-6 градус жылыға дейін, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

28 сәуірде Ақтөбе облысында  күндіз ауа температурасының 12-17 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде түнде облыстың  солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.

29 сәуірде Маңғыстау облысында  ауа температурасының түнде 5-10, облыстың батысында 1 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Қостанай облысында түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 7-12 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 6-11, облыстың батысында 3 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Астана қ: 29 сәуірде ауа температурасының түнде және күндіз 8-10 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 5-10 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Ұлытау облысында ауа температурасының түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстік-батысында 1 градус үсікке дейін, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Қарағанды облысында күндіз ауа температурасының 10-15, облыстың батысында 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.

29 сәуірде Қызылорда облысында ауа температурасының түнде 10-15, облыстың солтүстігінде 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде Павлодар облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18, облыстың шығысында 10 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Қостанай облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда  30 м/с және одан аса күтіледі.

29 сәуірде Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Астана қ.: 29 сәуірде батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 25 м/с күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

29 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Шымкент қ.: 29 сәуірде күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

29 сәуірде күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың  оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.  

29 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

29 сәуірде күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында  жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 29 сәуірде күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.            

29 сәуірде Жетісу облысының батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде күндіз шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

29 сәуірде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20,  күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі.

29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

29 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының батысында тұман күтіледі.

Астана қ.: 29 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.  

29 сәуірде күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с. 

29 сәуірде түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

29 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

29 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады,  облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

29 сәуір түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

29 сәуірде Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.                                                                                                                        

29 сәуірде  Маңғыстау облысында солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай қ: 29 сәуірде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

29 сәуірде түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Дата публикации
28 апреля 2025
Дата обновления
28 апреля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы