МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер

Солтүстік Қазақстан облысында:

1) Покровка а – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 57 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1246 см (қауіпті деңгей – 1300 см; бұл деңгейге жеткен жағдайда шаруашылық нысандарын су басуы мүмкін).

2) Новоникольское а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 45 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1476 см (қауіпті деңгей – 1549 см; су шаруашылық құрылыстарға дейін жетті, бақшаларда су жайылуы байқалады).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Аблайкит а. – Ертіс ө. (ШҚО) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті деңгейден асты. 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 334 см (қауіпті деңгей – 300 см). Өскемен СЭС су тасталымының ұлғаюына байланысты өзенде су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілілуі күтілуде.

2025 жылдың  25 cәуір – 02 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 25-28 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына және 27-28 сәуірде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

28 сәуірде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының түнде 2-7 градус жылыға дейін, күндіз 6-11 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

28 сәуірде Атырау облысында  ауа температурасының түнде 5-10 градус жылыға дейін, күндіз 10-15 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 1-6 градус жылыға дейін, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

28 сәуірде Ақтөбе облысында  күндіз ауа температурасының 12-17 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде түнде облыстың  солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.

29 сәуірде Маңгыстау облысында  ауа температурасының түнде 5-10, облыстың батысында 1 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Қостанай облысында түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 7-12 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 6-11, облыстың батысында 3 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Астана қ: 29 сәуірде ауа температурасының түнде және күндіз 8-10 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 5-10 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Ұлытау облысында ауа температурасының түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстік-батысында 1 градус үсікке дейін, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Қарағанды облысында күндіз ауа температурасының 10-15, облыстың батысында 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.

29 сәуірде Қызылорда облысында ауа температурасының түнде 10-15, облыстың солтүстігінде 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде Павлодар облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18, облыстың шығысында 10 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

27 сәуірде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 27 сәуірде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 27 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде күндіз Павлодар облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 27 сәуірде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

27 сәуірде түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 27 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.              27 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

27 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақтөбе қ.: 27 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

27 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

27 сәуірде облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.  

Тараз қ.: 27 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.  

27 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Шымкент қ.: 27 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түркістан қ.: 27 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 27 сәуірде түнде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 17 м/с күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 сәуірде күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Семей қ.: 27 сәуірде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Өскемен қ.: 27 сәуірде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Қарағанды қ.: 27 сәуірде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 сәуірде түнде Ұлытау облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, шығысында кей уақыттарда 23 м/с.

Жезқазған қ.: 27 сәуірде түнде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады күндіз екпіні 16 м/с.       

27 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

27 сәуірде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Дата публикации
26 апреля 2025
Дата обновления
26 апреля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы