
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Солтүстік Қазақстан облысында:
1) Покровка а – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 57 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1246 см (қауіпті деңгей – 1300 см; бұл деңгейге жеткен жағдайда шаруашылық нысандарын су басуы мүмкін).
2) Новоникольское а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 45 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1476 см (қауіпті деңгей – 1549 см; су шаруашылық құрылыстарға дейін жетті, бақшаларда су жайылуы байқалады).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Аблайкит а. – Ертіс ө. (ШҚО) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті деңгейден асты. 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 334 см (қауіпті деңгей – 300 см). Өскемен СЭС су тасталымының ұлғаюына байланысты өзенде су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілілуі күтілуде.
2025 жылдың 25 cәуір – 02 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында 25-28 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына және 27-28 сәуірде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Дауылды ескертулер күтіледі:
28 сәуірде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының түнде 2-7 градус жылыға дейін, күндіз 6-11 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
28 сәуірде Атырау облысында ауа температурасының түнде 5-10 градус жылыға дейін, күндіз 10-15 градус жылыға дейін, 29 сәуірде түнде 1-6 градус жылыға дейін, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
28 сәуірде Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасының 12-17 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.
29 сәуірде Маңғыстау облысында ауа температурасының түнде 5-10, облыстың батысында 1 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде Қостанай облысында түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 7-12 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 6-11, облыстың батысында 3 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Астана қ: 29 сәуірде ауа температурасының түнде және күндіз 8-10 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 5-10 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде Ұлытау облысында ауа температурасының түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстік-батысында 1 градус үсікке дейін, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
29 сәуірде Қарағанды облысында күндіз ауа температурасының 10-15, облыстың батысында 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
30 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.
29 сәуірде Қызылорда облысында ауа температурасының түнде 10-15, облыстың солтүстігінде 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
30 сәуірде Павлодар облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
30 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18, облыстың шығысында 10 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
26 сәуірде күндіз Атырау облысының батысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
26 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
26 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
26 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде батысында, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
26 сәуірде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
26 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
26 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
26 сәуірде Түркістан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.
26 сәуірде күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
26 сәуірде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 26 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.
26 сәуірде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
26 сәуірде Павлодар облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 сәуірде Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.
26 сәуірде Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с.
26 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.