
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 25 сәуірде күтілетін ауа райының апатты, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Гидрология департаменті
Дауылды ескертулер сақталады:
Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1056 см (қауіпті деңгей – 1100 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный ауылының кейбір ғимарраттарын су басуы мүмкін. Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
Солтүстік Қазақстан облысында:
1) Покровка а – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 57 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1246 см (қауіпті деңгей – 1300 см; бұл деңгейге жеткен жағдайда шаруашылық нысандарын су басуы мүмкін).
2) Новоникольское а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 45 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1476 см (қауіпті деңгей – 1549 см; су шаруашылық құрылыстарға дейін жетті, бақшаларда су жайылуы байқалады).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Аблайкит а. – Ертіс ө. (ШҚО) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті деңгейден асты. 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 334 см (қауіпті деңгей – 300 см). Өскемен СЭС су тасталымының ұлғаюына байланысты өзенде су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілілуі күтілуде.
Гидрометорталық
Дауылды ескертулер сақталады:
22 сәуірде түнде Түркістан облысының тауларында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
23-25 сәуір аралығында облыстың батысында, шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Шымкент қ.: 22 сәуірде күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 23-25 сәуір аралығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
25 сәуірде күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.
Астана қ.: 25 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
25 сәуірде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
25 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман.
25 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с.
Петропавл қ.: 25 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.
25 сәуірде түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.
25 сәуірде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Қарағанды қ.: 25 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
25 сәуірде күндіз Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі.
25 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Өскемен қ.: 25 сәуірде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
25 сәуірде түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі.
Семей қ.: 25 сәуірде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
25 сәуірде Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15 м/с.
25 сәуірде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қызылорда қ.: 25 сәуірде жоғары өрт қауіпі сақталады.
25 сәуірде түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақтау қ.: 25 сәуірде кей уақыттарда тұман күтіледі.
25 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Орал қ.: 25 сәуірде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с.
25 сәуірде түнде Атырау облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Атырау қ.: 25 сәуірде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
25 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.