
Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін өндірумен технологиялық байланысты «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамның қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 315 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасы Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін өндірумен технологиялық байланысты «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамның қызмет түрлерінің тізбесіне толықтыруды көздейді.