
Дауылды ескертулер
Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1056 см (қауіпті деңгей – 1100 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный ауылының кейбір ғимарраттарын су басуы мүмкін. Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
Шығыс Қазақстан облысында 21-24 сәуір аралығында жауын-шашын болжамына (негізінен жаңбыр түріндегі) және температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында:
1) Покровка а – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 57 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1246 см (қауіпті деңгей – 1300 см; бұл деңгейге жеткен жағдайда шаруашылық нысандарын су басуы мүмкін).
2) Новоникольское а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 45 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1476 см (қауіпті деңгей – 1549 см; су шаруашылық құрылыстарға дейін жетті, бақшаларда су жайылуы байқалады).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 22-24 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты (2500 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Аблайкит а. – Ертіс ө. (ШҚО) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті деңгейден асты. 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 334 см (қауіпті деңгей – 300 см). Өскемен СЭС су тасталымының ұлғаюына байланысты өзенде су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілілуі күтілуде.
18-23 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, 19-24 сәуірде Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Ауа температурасының күндіз 20-25 градус жылыдан 25-30 градус ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары өрт қауіпі күтіледі.
22 сәуірде түнде Түркістан облысының тауларында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
23-25 сәуір аралығында облыстың батысында, шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Шымкент қ.: 22 сәуірде күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 23-25 сәуір аралығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
24 сәуірде күндіз Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 24 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
Қонаев қ.: 24 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
24 сәуірде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында түнде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
Талдықорған қ.: 24 сәуірде кей уақыттарда найзағай күтіледі.
24 сәуірде күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 24 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
24 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда қ.: 24 сәуірде жоғары өрт қаупі күтіледі.
24 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 24 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
24 сәуірде Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
24 сәуірде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ: 24 сәуірде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
24 сәуірде Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
24 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі.
Астана қ.: 24 сәуірде түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Көкшетау қ.: 24 сәуірде түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
24 сәуірде күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
24 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Петропавл қ.: 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
24 сәуірде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстікте 1 градус үсік күтіледі.
24 сәуірде күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
24 сәуірде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
24 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, облыстың шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 24 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
24 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Семей қ.: 24 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.