МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1056 см (қауіпті деңгей – 1100 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный ауылының кейбір ғимарраттарын су басуы мүмкін. Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

Шығыс Қазақстан облысында 21-24 сәуір аралығында жауын-шашын болжамына (негізінен жаңбыр түріндегі) және температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында:

1) Покровка а – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 57 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1246 см (қауіпті деңгей – 1300 см; бұл деңгейге жеткен жағдайда шаруашылық нысандарын су басуы мүмкін).

2) Новоникольское а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 45 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1476 см (қауіпті деңгей – 1549 см; су шаруашылық құрылыстарға дейін жетті, бақшаларда су жайылуы байқалады).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

2025 жылдың  22-24 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты (2500 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Аблайкит а. – Ертіс ө. (ШҚО) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті деңгейден асты. 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 334 см (қауіпті деңгей – 300 см). Өскемен СЭС су тасталымының ұлғаюына байланысты өзенде су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілілуі күтілуде.

Дауылды ескертулер сақталады:

18-23 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, 19-24 сәуірде Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Ауа температурасының күндіз 20-25 градус жылыдан 25-30 градус ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Шымкент қ.: 22 сәуірде күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

22 сәуірде түнде Түркістан облысының тауларында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 23-25 сәуір аралығында облыстың батысында, шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 23 сәуірде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Алматы қ.: 23 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.

Шымкент қ.: 23 сәуірде күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

23 сәуірде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

23 сәуірде күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23 сәуірде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15 м/с.

23 сәуірде  Алматы облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.    

23 сәуірде Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

23 сәуірде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.

23 сәуірде Түркістан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с.

23 сәуірде күндіз Абай облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с.

23 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

23 сәуірде таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

23 сәуірде таңертең және күндіз Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.

23 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.                                                                                   

23 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.        

 

Дата публикации
22 апреля 2025
Дата обновления
22 апреля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы