МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 22-25 сәуірде күтілетін ауа райының апатты, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары және қар көшкіні туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Гидрология департаменті

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Каменный Карьер а. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 4 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 809 см (қауіпті деңгей – 808 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде.

Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде өзінде бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1056 см (қауіпті деңгей – 1100 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный ауылының кейбір ғимарраттарын су басуы мүмкін. Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

 

Шығыс Қазақстан облысында 21-24 сәуір аралығында жауын-шашын болжамына (негізінен жаңбыр түріндегі) және температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

Солтүстік Қазақстан облысында:

1) Покровка а – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 57 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1246 см (қауіпті деңгей – 1300 см; бұл деңгейге жеткен жағдайда шаруашылық нысандарын су басуы мүмкін).

2) Новоникольское а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (тәулік ішінде 45 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1476 см (қауіпті деңгей – 1549 см; су шаруашылық құрылыстарға дейін жетті, бақшаларда су жайылуы байқалады).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

2025 жылдың  22-24 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты (2500 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

 

Гидрометорталық

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

18-23 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, 19-24 сәуірде Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Ауа температурасының күндіз 20-25 градус жылыдан 25-30 градус ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

22 сәуірде түнде Түркістан облысының тауларында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

23-25 сәуір аралығында облыстың батысында, шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Шымкент қ.: 22 сәуірде күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 23-25 сәуір аралығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

22 сәуірде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, тау етегіндегі аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Алматы қ.: 22 сәуірде оңтүстік-батыс бағыттан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

 

22 сәуірде түнде Атырау облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.        

    

22 сәуірде түнде және таңертең  Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15 м/с.

 

22 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 

22 сәуірде күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

 

22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде  найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 22 сәуірде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.


22 сәуірде
күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана қ.: 22 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.

 

22 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

22 сәуірде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Қарағанды қ.: 22 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

 

22 сәуірде таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

   

22 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі.   

Орал қ.: 22 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.

 

22 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.

Тараз қ.: 22 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.  

 

22 сәуірде Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

22 сәуірде түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 

Дата публикации
22 апреля 2025
Дата обновления
22 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы