МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

Каменный Карьер а. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 4 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 809 см (қауіпті деңгей – 808 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде. Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде өзінде бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады. 

2025 жылдың 17-21 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жауын-шашынның жалғасуына байланысты және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты (2500 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1056 см (қауіпті деңгей – 1100 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный ауылының кейбір ғимарраттарын су басуы мүмкін. Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Шығыс Қазақстан облысында 21-24 сәуір аралығында жауын-шашын болжамына (негізінен жаңбыр түріндегі) және температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Астана қ.: 21 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

18-23 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, 19-24 сәуірде Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Ауа температурасының күндіз 20-25 градус жылыдан 25-30 градус ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары өрт қауіпі күтіледі.

21 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.

21 сәуірде күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

21 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.                                                                                  

21 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

21 сәуірде күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, күндіз облыстың оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

21 сәуірде күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

21 сәуірде Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, тау етегіндегі аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

21 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертен тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

21 сәуірде күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

21 сәуірде күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

21 сәуірде Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.        

21 сәуірде Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

 

 

Дата публикации
21 апреля 2025
Дата обновления
21 апреля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы