МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 19-24 сәуірде күтілетін ауа райының апатты, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары және қар көшкіні туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Гидрология департаменті

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді.

Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

 

Державинск қ. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (4 сағат ішінде 9 см). 20:00 жағдай бойынша су деңгейі – 853 см (қауіпті деңгей – 850 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде.

Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Каменный Карьер а. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 4 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 809 см (қауіпті деңгей – 808 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде.

Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде өзінде бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

2025 жылдың 17-21 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жауын-шашынның жалғасуына байланысты және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты (2500 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

 

Шығыс Қазақстан облысында 17-20 сәуір аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

 

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1056 см (қауіпті деңгей – 1100 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный ауылының кейбір ғимарраттарын су басуы мүмкін. Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

 

Гидрометорталық

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

18-23 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, 19-24 сәуірде Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Ауа температурасының күндіз 20-25 градус жылыдан 25-30 градус ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

19 сәуірде түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Семей қ.: 19 сәуірде түнде және таңертең қар, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

 

19 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Өскемен қ.: 19 сәуірде түнде және таңертең қар, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

 

19 сәуірде түнде Алматы облысы мен Алматы қасалының таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, тау етегіндегі аудандарында 1 градус үсік күтіледі.

Қонаев қ.: 19 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

 

19 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында түнде 1-3 градус үсік.

Талдықорған қ.: 19 сәуірде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

 

19 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

 

19 сәуірде Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, күндіз тау асуларында 15-20 м/с.

 

19 сәуірде Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

19 сәуірде таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

 

19 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 19 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.

 

19 сәуірде түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

19 сәуірде түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

 

19 сәуірде Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 

19 сәуірде күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

Дата публикации
18 апреля 2025
Дата обновления
18 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы