МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер 

Дауылды ескертулер сақталады:

Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

Державинск қ. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (4 сағат ішінде 9 см). 20:00 жағдай бойынша су деңгейі – 853 см (қауіпті деңгей – 850 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде. Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады. 

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1012 см (қауіпті деңгей – 1050 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный, Тепличное кенттері және Прибрежное ауылы арал жағдайында қалып, қатынас қиындайды. Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Еріген қар суы ағынының жетуіне, сондай-ақ Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда. 

Каменный Карьер а. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 4 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 809 см (қауіпті деңгей – 808 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде. Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде өзінде бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

2025 жылдың 17-21 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жауын-шашынның жалғасуына байланысты және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты (2500 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Шығыс Қазақстан облысында 17-20 сәуір аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Дауылды ескертулер күтіледі:

17-18 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар),  18 сәуірде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 17 сәуірде күндіз 0-5 градус жылыға дейін, 18 сәуірде түнде 1-6 градус аязға дейін күрт төмендейді.

18 сәуірде түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде  1-6 градус аязға дейін күрт төмендейді.

18 сәуірде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Астана қ.: 18 сәуірде кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертен тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аязға дейін, күндіз 1-3 градус жылыға дейін төмендейді.

Көкшетау қ.: 18 сәуірде ауа температурасы түнде 1-3 градус аязға дейін, күндіз 3-5 градус жылыға дейін төмендейді.

18 сәуірде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін күрт төмендейді.

18 сәуірде Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін күрт төмендейді.

18 сәуірде Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде  1-6 градус аязға дейін, күндіз 1-6 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

18 сәуірде Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

18 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Астана қ.: 17 сәуірде таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 24 м/с.

Шымкент қ.: 17 сәуірде күннің соңында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

17 сәуірде түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

17 сәуірде түнде Алматы облысының тау бөктерлі аудандары мен шығысында 1-3 градус үсік күтіледі.

17 сәуірде түнде Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

17 сәуірде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік күтіледі.

17 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20  м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

17 сәуірде түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

17 сәуірде Павлодар облысында батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде,  шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

17 сәуірде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

17 сәуірде түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с.

17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

17 сәуірде Абай облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

17 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.

17 сәуірде күннің соңында Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және  таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с.

17 сәуірде Алматы облысында шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.     

17 сәуірде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

17 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

17 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

17 сәуірде Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Дата публикации
16 апреля 2025
Дата обновления
16 апреля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы