
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
Державинск қ. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (4 сағат ішінде 9 см). 20:00 жағдай бойынша су деңгейі – 853 см (қауіпті деңгей – 850 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде. Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1012 см (қауіпті деңгей – 1050 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный, Тепличное кенттері және Прибрежное ауылы арал жағдайында қалып, қатынас қиындайды. Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Еріген қар суы ағынының жетуіне, сондай-ақ Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
2025 жылдың 12-16 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және жауын-шашынның күтілуіне байланысты (2300 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Каменный Карьер. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (2 сағат ішінде 18 см). 10:00 жағдай бойынша су деңгейі – 715 см (қауіпті деңгей - 808 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Абай облысында 14-16 сәуір аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 14-16 сәуір аралығында облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түріндегі) болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 14 сәуірде түнде және таңертең жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.
Алматы қ.: 14 сәуірде таңертең қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
14 сәуірде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
14 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
14 сәуірде таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с.
14 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
14 сәуірде Павлодар облысында найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
14 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік күтіледі.
14 сәуірде Қарағанды облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
14 сәуірде Ұлытау облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман.
14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі.
14 сәуірде түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с.
14 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
14 сәуірде күндіз Қостанай облысының батысыңда, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі.
14 сәуірде түнде Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
14 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
14 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі.
14 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.