МЧС

Меню

Страницы

Статья

Штормовые предупреждения

Дауылды ескертулер

9-12 сәуір аралығында Ақмола облысындағы Бұланды, Астрахан, Атбасар, Жақсы, Жарқайың және Есіл аудандарындағы өзендерде бүйірлік және орманды алқаптардан еріген қар суы ағындарының жетуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Жекелеген аймақтарда су деңгейі қауіпті деңгейден асып, соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық нысандарын су басу мен судың жайылуына алып келуі мүмкін.

Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді.

Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

Шығыс Қазақстан облысында 10-13 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ мұз кептелістерінен, жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Абай облысында 10-13 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты таулы аймақтарда қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Қарағанды облысы, Шерубайнұра өзені – Шопа гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіден асқанын хабарлайды. Судың нақты деңгейі 12:00 сағ. 474см. Қауіпті деңгей - 450 см.
Су келуі жалғасуда, өзендегі су деңгейі жоғары ағындардан көтеріліп, қауіпті белгіден асып кетті.

Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Қарағанды облысы, Шерубайнұра өзені – Қарамурын гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлайды. Судың нақты деңгейі 20:00 сағ. 392 см. Қауіпті деңгей - 420 см.
Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін.

Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады. 

Державинск қ. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (4 сағат ішінде 9 см). 20:00 жағдай бойынша су деңгейі – 853 см (қауіпті деңгей – 850 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде.
Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1012 см (қауіпті деңгей – 1050 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный, Тепличное кенттері және Прибрежное ауылы арал жағдайында қалып, қатынас қиындайды. Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар суы ағынының жетуіне, сондай-ақ Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі.

Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

2025 жылдың 12-16 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және жауын-шашынның күтілуіне байланысты (2300 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

12 сәуірде түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Қостанай қ: 12 сәуірде түнде және таңертең кей уақыттарда  қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

12 сәуірде түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.
Астана қ.: 12 сәуірде күннің аяғында найзағай күтіледі. Шаңды дауыл. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с.
Көкшетау қ.: 12 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 12 сәуірде оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

12 сәуірде Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қаласы: 12 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

12 сәуірде түнде Ақтөбе облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман, 3 градус үсік күтіледі.
Ақтөбе қ.: 12 сәуірде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

12 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Орал қ.: 12 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.                                                                                                                     

12 сәуірде  Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

12 сәуірден түнде Атырау облысының батысында үсік 2 градус күтіледі.

12 сәуірде Қарағанды облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с.

12 сәуірде түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 16 м/с.

12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 12 сәуірде  жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

12 сәуірде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталыгында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с.

Семей қ.: 12 сәуірде  күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

12 сәуірде түнде Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қ.: 12 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.    

12 сәуірде Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. 

12 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.    

12 сәуірде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын  жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 12 сәуірде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын  жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

12 сәуірде түнде Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында, шығысында найзағай, найзағай кезінде дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 12 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.

Дата публикации
11 апреля 2025
Дата обновления
11 апреля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы