МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

2025 жылдың 09-11 cәуір аралығында жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2000 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

9-12 сәуір аралығында Ақмола облысындағы Бұланды, Астрахан, Атбасар, Жақсы, Жарқайың және Есіл аудандарындағы өзендерде бүйірлік және орманды алқаптардан еріген қар суы ағындарының жетуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Жекелеген аймақтарда су деңгейі қауіпті деңгейден асып, соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық нысандарын су басу мен судың жайылуына алып келуі мүмкін.

Петропавл қ. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (8 сағат ішінде 24 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 900 см (қауіпті деңгей – 940 см (судың жайылмаға шығуы), 960 см (халықаралық маңызы бар 528 км Челябі-Новосибирск автожол асфальтына судың шығуы)). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

2025 жылдың 5-11 сәуір аралығында Ақмола облысынан бүйірлік ағындардың (Жабай және Қалқұтан өзендері) жетуіне байланысты Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында (Солтүстік Қазақстан обл.) су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

Қалкұтан а. – Қалкұтан ө. (Ақмола обл.)  гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (12 сағат ішінде 40 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 645 см (қауіпті деңгей – 630 см) су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Қалқұтан ауылында өзен ағысы салдарынан аулаларда су басу жағдайлары мен автожол арқылы су тасуы байқалады. Еріген қар суының және бүйірлік ағындардың келіп жетуіне, сондай-ақ мұз кептелістеріне байланысты су деңгейінің әрі қарай көтерілуі күтіледі. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

2025 жылғы 6-11 сәуір аралығында Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының көтерілуі (20-28 жылуға дейін) мен жауын шашын болжамына байланысты қардың қарқынды еруі және еріген су ағынының қалыптасуына байланысты, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердің деңгейінің көтерілу ықтималдылығы жоғары, бұл ретте автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстардың еріген сулармен толуы және су басу қаупі бар.

Қарағанды облысы, Шерубайнұра өзені – Шопа гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлаймыз. Судың нақты деңгейі 12:00 сағ. 406 см. Қауіпті деңгей - 450 см. Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін. Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 10-13 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ мұз кептелістерінен, жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Абай облысында 10-13 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты таулы аймақтарда қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Державинск қ. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 18 см). 18:00 жағдай бойынша су деңгейі – 752 см (қауіпті деңгей - 850 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Қарағанды облысы, Шерубайнұра өзені – Шопа гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіден асқанын хабарлайды. Судың нақты деңгейі 12:00 сағ. 474см. Қауіпті деңгей - 450 см. Су келуі жалғасуда, өзендегі су деңгейі жоғары ағындардан көтеріліп, қауіпті белгіден асып кетті. Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Қарағанды облысы, Шерубайнұра өзені – Қарамурын гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлайды. Судың нақты деңгейі 20:00 сағ. 392 см. Қауіпті деңгей - 420 см. Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін. Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Астана қ.: 11 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

11 сәуірде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

11 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

11 сәуірде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с.

11 сәуірде Павлодар облысында оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 сәуірде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.                                                                                                           

11 сәуірде түнде Маңғыстау облысының орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады,  түнде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 сәуірде Ақтөбе облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), шығысында, орталығында қатты жаңбыр, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

11 сәуірде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік.

11 сәуірде Қарағанды облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 сәуірде Ұлытау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.

11 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

11 сәуірде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

11 сәуірде Жетісу облысында шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с. 

11 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.    

11 сәуірде күндіз Түркістан облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен  жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

11 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

                                                                                                                                                 

 

 

Дата публикации
10 апреля 2025
Дата обновления
10 апреля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы