МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша дауылды ескертулер

Петропавл қ. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (8 сағат ішінде 24 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 900 см (қауіпті деңгей – 940 см (судың жайылмаға шығуы), 960 см (халықаралық маңызы бар 528 км Челябі-Новосибирск автожол асфальтына судың шығуы)).
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Журавлевка а. – Боқсық ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 36 см). 12:00 жағдай бойынша су деңгейі – 625 см (қауіпті деңгей - 690 см), су нысанының күйі – бекеттен жоғары мұз кептелісі, мұздың сирек жүруі. Қар жамылғысының қарқынды еруі, және өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының жетуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

2025 жылдың 5-11 сәуір аралығында Ақмола облысынан бүйірлік ағындардың (Жабай және Қалқұтан өзендері) жетуіне байланысты Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында (Солтүстік Қазақстан обл.) су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Қалкұтан а. – Қалкұтан ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 20 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 505 см (қауіпті деңгей - 630 см), су нысанының күйі – таза. Қар жамылғысының қарқынды еруі, және өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының жетуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар және бүйірлік ағындардың келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.

Қалкұтан а. – Қалкұтан ө. (Ақмола обл.)  гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (12 сағат ішінде 40 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 645 см (қауіпті деңгей –      630 см) су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді.
Қалқұтан ауылында өзен ағысы салдарынан аулаларда су басу жағдайлары мен автожол арқылы су тасуы байқалады.

Еріген қар суының және бүйірлік ағындардың келіп жетуіне, сондай-ақ мұз кептелістеріне байланысты су деңгейінің әрі қарай көтерілуі күтіледі.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Абай облысында 7-9 сәуір аралығында түнгі және күндізгі ауа температурасының жоғарылауына,  сондай-ақ 8 сәуірде облыстың басым бөлігінде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ мұз кептелістерінен, жалғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында 7-9 сәуір аралығында түнгі және күндізгі ауа температурасының жоғарылауына,  сондай-ақ 8-9 сәуірде облыстың басым бөлігінде (негізінен жаңбыр түріндегі) жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ мұз кептелістерінен, жалғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

2025 жылғы 6-11 сәуір аралығында Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының көтерілуі (20-28 жылуға дейін) мен жауын шашын болжамына байланысты қардың қарқынды еруі және еріген су ағынының қалыптасуына байланысты, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердің деңгейінің көтерілу ықтималдылығы жоғары, бұл ретте автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстардың еріген сулармен толуы және су басу қаупі бар.

Қарағанды облысы, Шерубайнұра өзені – Шопа гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлаймыз. Судың нақты деңгейі 12:00 сағ. 406 см. Қауіпті деңгей - 450 см.
Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін. 

Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

09 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

09 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Семей қ.: 09 сәуірде түнде найзағай күтіледі.

09 сәуірде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Қарағанды қ.: 09 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

09 сәуірде түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Жезқазған қ.: 09 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

09 сәуірде күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Астана қ.: 09 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Көкшетау қ.: 09 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

09 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Петропавл қ.: 09 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

09 сәуірде түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүтігінде, шығысында тұман күтіледі.

09 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.             

09 сәуірде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 

09 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 09 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

09 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ: 09 сәуірде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

09 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

09 сәуірде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

09 сәуірде түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

09 сәуірде Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

Дата публикации
08 апреля 2025
Дата обновления
08 апреля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы