
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Петропавл қ. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалды (8 сағат ішінде 24 см). Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі – 900 см (қауіпті деңгей – 940 см (судың жайылмаға шығуы), 960 см (халықаралық маңызы бар 528 км Челябі-Новосибирск автожол асфальтына судың шығуы)). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Ақмола облысындағы:
Өзендердің жоғары ағысынан, жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының жетуі әсерінен өзендерде су деңгейі көтерілді. Еріген қар және бүйірлік ағындарының келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде. Қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Журавлевка а. – Боқсық ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 36 см). 12:00 жағдай бойынша су деңгейі – 625 см (қауіпті деңгей - 690 см), су нысанының күйі – бекеттен жоғары мұз кептелісі, мұздың сирек жүруі. Қар жамылғысының қарқынды еруі, және өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының жетуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Еріген қар және бүйірлік ағындардың келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2025 жылдың 05-08 сәуір аралығында аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы, және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Ақмола облысында 5-8 сәуір аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты, мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі, облыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
2025 жылдың 5-11 сәуір аралығында Ақмола облысынан бүйірлік ағындардың (Жабай және Қалқұтан өзендері) жетуіне байланысты Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында (Солтүстік Қазақстан обл.) су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық құрылыстарды еріген қар суларымен судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Қалкұтан а. – Қалкұтан ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (4 сағат ішінде 20 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 505 см (қауіпті деңгей - 630 см), су нысанының күйі – таза. Қар жамылғысының қарқынды еруі, және өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының жетуі әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Еріген қар және бүйірлік ағындардың келіп қосылуынан, сондай-ақ мұз кептелісі құбылыстарына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Ақмола облысындағы:
Атбасар қ. – Жабай ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 25 см). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 721 см (қауіпті деңгей – 710 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Өзен ағынынан туындаған су басу жағдайлары анықталған жоқ.
Журавлевка а. – Боқсық ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 25 см). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 694 см (қауіпті деңгей – 690 см) су нысанының күйі – мұздың жағаға ығысуы, сирек мұздың жүруі. Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Өзен ағынынан туындаған су басу жағдайлары анықталған жоқ. Еріген қар суының және бүйірлік ағындардың келіп жетуіне, сондай-ақ мұз кептелістеріне байланысты су деңгейінің әрі қарай көтерілуі күтіледі. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді. Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
Қарағанды облысы, Үлкен құндызды өзені – Киевка (Нұра) гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлаймыз. Судың нақты деңгейі 08:00 сағ. 383 см. Қауіпті деңгей - 450 см. Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін. Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Қалкұтан а. – Қалкұтан ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (12 сағат ішінде 40 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 645 см (қауіпті деңгей – 630 см) су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді Қалқұтан ауылында өзен ағысы салдарынан аулаларда су басу жағдайлары мен автожол арқылы су тасуы байқалады. Еріген қар суының және бүйірлік ағындардың келіп жетуіне, сондай-ақ мұз кептелістеріне байланысты су деңгейінің әрі қарай көтерілуі күтіледі. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Абай облысында 7-9 сәуір аралығында түнгі және күндізгі ауа температурасының жоғарылауына, сондай-ақ 8 сәуірде облыстың басым бөлігінде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ мұз кептелістерінен, жалғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 7-9 сәуір аралығында түнгі және күндізгі ауа температурасының жоғарылауына, сондай-ақ 8-9 сәуірде облыстың басым бөлігінде (негізінен жаңбыр түріндегі) жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ мұз кептелістерінен, жалғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
2025 жылғы 6-11 сәуір аралығында Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының көтерілуі (20-28 жылуға дейін) мен жауын шашын болжамына байланысты қардың қарқынды еруі және еріген су ағынының қалыптасуына байланысты, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердің деңгейінің көтерілу ықтималдылығы жоғары, бұл ретте автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстардың еріген сулармен толуы және су басу қаупі бар.
Қарағанды облысы, Шерубайнұра өзені – Шопа гидрологиялық бекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындағанын хабарлаймыз. Судың нақты деңгейі 12:00 сағ. 406 см. Қауіпті деңгей - 450 см. Судың күрт келуіне байланысты, су деңгейі өсіп және қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін. Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекеннің өзен бойы және өзеннің төменгі ағысы бойынша орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Астана қ.: 08 сәуірде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Алматы қ.: 08 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 18 м/с.
08 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
08 сәуірде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с.
08 сәуірде түнде Қарағанды облысының батысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
08 сәуірде түнде Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, шығысында оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
08 сәуірде Ақмола облысында түнде найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
08 сәуірде түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
08 сәуірде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
08 сәуірде түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с.
08 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
08 сәуірде түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
08 сәуірде түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
08 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
08 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
08 сәуірде түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
08 сәуірде Қызылорда облысында жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
08 сәуірде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
08 сәуірде таңертең және күндіз Павлодар облысының оңтүтігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.